Қазақ журналистерінің бастамасымен ардагер ұстаз, ғұмырын журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеуге арнаған, ф.ғ.д., профессор Кәкен Қамзинге көмек қаржы жиналуда.
Қарт ұстаз сексен жасқа қарай қадам басқан шағында бейнетінің зейнетін көріп, құрмет пен тыныштықта отыруы тиіс еді. Алайда кибералаяқтардың арбауына түсіп, жалғыз баспанасынан және 5,5 млн.теңге жеке жинағынан айрылып қалды. Сонымен қатар, қылмыскерлер оның атынан 2,3 млн. теңге қарыз алдыртып, пәтер құнын қосқанда жалпы шығыны 38,8 млн. теңгеге жетіп отыр.
Қазіргі уақытта полиция іс қозғап, заңгерлер көмек көрсетіп жатыр. Алайда алаяқтар құрықталып, қаражаттың қайту-қайтпауы белгісіз. Бұл — 80 жасқа қарай қадам басқан Кәкен ағай үшін тек материалдық емес, үлкен психологиялық ауыр соққы. Сондықтан қазақ журналистері, әріптестері, шәкірттері Кәкен Қамзинге өз үйін қайтару мақсатында 30 миллион теңге жинап жатыр.
Көпшілік белсенді қолдау көрсетсе, мәселе толық шешімін табады деп сенеміз. Кез-келген мөлшердегі қаражатты Кәкен ағамыздың қызы Әсел Қамзаға аударуды сұраймыз.
KASPI: 4400 4303 0478 0791
Телефон: +7 775 650 58 09 (Әсел Қ.)
HALYK: 4405 6397 9049 4098
Телефон: +7 775 650 58 09 (Әсел Қ.)