25-27 шілдеде Ыстықкөл жағалауындағы Бөстері кентіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорттық-сауықтыру лагерінде «Медиа және тұрақты даму: Орталық Азияның болашағы» атты халықаралық журналистика және коммуникациялар жазғы мектебі өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросы (Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі) және Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен бірлесіп өткізеді.
Бағдарламада Орталық Азия елдерінің медиа және коммуникациялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен мастер-кластар, медиа-практикумдар, панельдік пікірталастар жоспарланған. Туризм және экология бағыттардағы салалық журналистиканы дамыту, жалған ақпаратқа қарсы шаралар, кәсіби стандарттарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Мектепке Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің студенттері, магистранттары, PhD-докторанттары және журналистері қатысады.