Qazaq Media Association

Қазақстанда PR және медиа саласының кәсіби мамандарының қауымдастығы құрылды

PR және қоғаммен байланыс саласындағы мамандарға арналған еліміздегі ең ірі кәсіби медиа — PR Drive өзінің сегіз жылдық мерейтойы қарсаңында «PR және медиа мамандары қауымдастығы» атты жаңа қоғамдық бірлестік құрылғанын ресми түрде хабарлайды.

Қауымдастықтың құрылтайшылары: 

  • Елена Пак пен Махаббат Садвакасова — PR Drive медиаплатформасының тең құрылтайшылары;
  • Бағлан Айдашов — медиа менеджер және медиа даму саласының стратегы;
  • Думан Қожахметов — Black and White агенттігінің негізін қалаушы;
  • Ақерке Берлібай — коммуникация және PR маманы, сертификатталған коуч, бизнес-тренер.

Қауымдастықтың миссиясы — PR мамандығының беделін қорғау, саланың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, сондай-ақ коммуникация саласында барлық деңгейде — жеке сектордан бастап мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға дейін — ашықтық пен жауапкершіліктің жоғары стандарттарын қалыптастыру.

Құрылтайшылардың айтуынша:

«PR — бұл жай ғана кәсіп емес. Бұл — қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы сенімділік көпірі. Қауымдастық — этика мен кәсібилікке негізделген ортақ ережелер қалыптасатын орта. Бұл ережелер саланың сапалы әрі әділ дамуына ықпал етеді».

Қауымдастық өз қызметінде негізгі қағидаттарын Этикалық кодекс арқылы бекітеді. Бұл құжат саладағы сенім мен кәсіби стандарттарды қалыптастыруға бағытталған. Кодексте төмендегідей ұстанымдар көрініс табады:

  • Ашықтық пен адалдық — тек шынайы әрі расталған ақпаратты пайдалану, әсіресе дағдарыстық жағдайларда және қоғамдық сезімталдық жоғары болған кезде;
  • Кәсібилік пен үнемі даму — үздіксіз оқыту, кәсіби құзыреттерді арттыру, жоғары білім беру стандарттарын ұстану;
  • Аудитория алдындағы жауапкершілік — БАҚ өкілдерімен, клиенттермен және серіктестермен этикалық қарым-қатынас орнату, манипуляциядан бас тарту.

Қауымдастыққа PR немесе медиа саласында кемінде үш жылдық кәсіби тәжірибесі бар немесе қазіргі уақытта осы салаларда басшылық лауазым атқарып жүрген мамандар мүше бола алады. Сонымен қатар, саланың белсенді өкілі тарапынан ұсыныс қажет.

2025 жылдың соңына дейін қауымдастыққа кіру тегін, ал 2026 жылдан бастап жылдық мүшелік жарна көлемі — 60 000 теңге болады.

PR Drive бренді қауымдастықтан тәуелсіз өз қызметін жалғастыра береді. Оның редакциялық саясаты, авторлық құқықтары және контент өнімдері бұрынғыдай тең құрылтайшыларға тиесілі күйінде қалады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Интернет Қазақстандағы басты медиа арнаға айналды

admin_qazaqmedia

Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистика байқауы жарияланды

Arman Aubakir

Қазақ журналистері профессор Кәкен Қамзинге көмек қаржы жинауда

Arman Aubakir